Мамыр айындағы мерекелерде бір апта демаламыз
Мамыр айындағы мерекелерде бір апта демаламыз
7 жыл бұрын 3544 Baq.kz

Қазақстандықтар мамыр айындағы мерекелерде бір апта демалады. 

2017 жылғы 29, 30 сәуір демалыс күндеріне, яғни сенбі, жексенбіге тура келіп тұрғаны белгілі. Ал 1 мамыр мереке күні болғандықтан, үш күндік демалыс қатар келмекші.

Бұдан соң 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі жексенбіге дөп келетіндіктен, дүйсенбі - 8 мамырда да демалыс болмақ.

Ал, 9-шы мамыр Жеңіс күні екені белгілі. Сондықтан қазақстандықтар қатарынан төрт күн, яғни 6, 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.

Сонымен мамыр айында қазақстандықтарды бір апта демалыс күтіп тұр.

0 пікір
Мұрағат