«Kazakhstan International Halal Expo 2014» жәрмеңкесі өтуде (ФОТО)
2 жыл бұрын 1447 islam.kz

Қазіргі таңда таза, сапалы, зияны жоқ тағамдар, тұрмыстық заттарға тұтынушылардың қай кезде де сұранысы жоғары. Міне, осы талаптарға толығымен жауап беретін халал стандартқа сай өнімдер десек қателеспеспіз. Биыл да «Kazakhstan International Halal Expo 2014» жәрмеңкесі талғампаз халықтың талабына жауап бере алатын сапалы өнімдерді ел назарына ұсынуда. Жәрмеңкеге алыс-жақын шет елдерден: Ресей, Әзірбайжан, Йордания, АҚШ, Оңтүстік Корея, Малайзия т.б. елдердің танымал өндірушілері қатысуда. Сондай-ақ, халал косметика, халал фармация саласында жемісті еңбек етіп жүрген белді компаниялардың өнімдері таныстырылып жатыр. Атап айтар болсақ, Малайзиялық "Halal way" ЖШС әйгілі "Halagel" компаниясының ресми өкілі болып табылады. Бұл компания гигиеналық және биологиялық белсенді қоспаларды өндірумен айналысады.  Дәрі дәрмек өндірумен айналысатын "Ram pharma" деп аталатын Йорданиялық компания да жәрмеңкеге арнайы келіпті. Тағы бір Йорданиялық "Fortune" косметикалық компаниясы мен Оңтүстік Кореялық "Puresh" косметикалық компаниясы да өзінің бұрынғы әрі өнімдерін таныстыра келіпті.

Жәрмеңкеде ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың ішінде Ресейден келген танымал сауда белгілерінің қарасы көбірек. Солардың ішінде "Эколь" сауда белгісі, "Равис" агрохолдингі ерекше дайындықпен келіпті. 

"Қазақстанда жасалған" деген жазуды жарнамасына үлкейтіп жазып қойған "Астрахан құсы" ЖШС өнімдері де келушілердің назарын бірден өзіне аударуда. Бағалы сыйлықтар мен кәдесыйлардың мекені "ҮйTumar" сауда белгісі де көрменің сәнін келтіріп тұр.

0 пікір