Кәрім Мәсімов Қазақстан Триатлон федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Baq.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәрім Мәсімов жаңа қызметке сайланды
|
Федерация конференциясында оның кандидатурасы таңдалды.
Конференция жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, Федерация мүшелері, құраманың тренерлік құрамы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.
К.Мәсімов өзінің сөзінде аймақтардағы спорт түрлерінің дамуына баса назар аудара отырып, федерацияның алдағы уақыттағы міндеттерін белгіледі.
«Триатлон – біздің елімізге кейін келген спорт түрі болып табылады, сондықтан оның дамуы әлі бастапқы кезеңде. Бұл спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және аталған жұмыс болашақта өз нәтижесін береді»,- деді К.Мәсімов.
Кездесуде ұйымның қызметі туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар Федерацияның басқару органдарының жаңа құрамы жасақталды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тәуліктің ең қауіпті сағаты түнде екені анықталды
■
Сейсмикалық қауіпті қалада жер қозғалса «қозғалмайтын» зәулім ғимарат бой көтерді (фото)
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Түркия алғаш рет қарт тұрғындары көп елдер санатына енді