"Жеңіл су" бизнесі
"Жеңіл су" бизнесі
5 жыл бұрын 4580 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлем енді қолға алып, дамытып жатқан "бизнестің" бұл түрі елімізде бұрыннан бар. Қазақстан өзінің бәсекедегі осы мүмкіндігін, артықшылығын пайдалана ала ма? Басынан бастасақ, бүгінгі таңда әлем бойынша "жеңіл" су трендке айналған. "Жеңіл" су дегеніміз не өзі? Алдымен соған тоқтала кетсек. "Жеңіл" су - құрамындағы дейтериясы (сутектінің ауыр  изотопы) бәсеңдетілген әрі ағзаның қызметін жасуша деңгейінде жақсартатын, сондай-ақ, адамды сауықтыратын, жасартатын, ғұмырын ұзартатын аса күшті биостимулятор. 

Түрі дерек көзіне қарағанда, бүгінгі таңда әлем бойынша оның 3-7 млн жасанды литрі өндіріледі. Ал елімізде бұл көрсеткіш жылына шамамен 100 млн литрі өндіріледі. Жасанды емес, табиғи. Яғни, қайнар көздерден. Таяуда Астана қаласында өткен "Жеңіл су - өмір сапасы мен ұзақ ғұмырдың негізі" атты ғылыми жиында бас қосқан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Еуропа ғалымдары осындай мәлімет келтірді. Ғалымдардың айтуынша, әлемде табиғи жеңіл су көздері Антрактида, Саха аумағында, Байкалда, Қап тауында, Колорада штатында (АҚШ) және Қазақстанда ғана бар. Еліміздегі жеңіл су қайнар көзі Ақмола облысына қарасты Құскөл кен орнынан, яғни, Бурабай курорты аймағынан табылған. Оны "Көкшетау минералды су" зауыты Turan маркасымен шығарады. ҚР минералды ресурстар академиясының мүше-корреспонденті, профессор Евгений Пятов: "Turan – табиғи жеңіл су, яғни, дейтериясы аз су. Оның бұл қасиетін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің кардиология және ішкі аурулар әрі ғылыми зерттеу институтының мамандары, сондай-ақ, А.Н. Сысин атындағы ресейлік адам экологиясы және қоршаған орта гигиенасы ғылыми зерттеу инстиуты, немістердің еуропалық су сапасына баға беретін «Фрезениус» сапа институты, т.б. жоғары бағалаған. Сонымен қатар, елімізде өндірілетін әрі дүкен сөрелерінде самсап тұрған бұл судың құрамында адам ағзасына қажетті минералдар мен тірі бактериялар әрі түрлі заттар кездеседі. Бір өкініштісі, елімізде жеңіл су көздері толыққанды зерттелмеген. 

0 пікір
Мұрағат