Жаңа теміржол вокзалының сыйымдылығы 2,5 мың адамды құрайтын болады
Жаңа теміржол вокзалының сыйымдылығы 2,5 мың адамды құрайтын болады
10 жыл бұрын 3503 astana.gov.kz

Жыл сайын елорда халқының саны артып келеді. Адамдар қалаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналады, жаңа көп пәтерлі үйлер, мектептер мен балабақшалар да көбейді. Бүгінде Астанада тағы да бір күрделі құрылыс жаңа теміржол вокзалының құрылысы қолға алынды. Ғимарат 2017 жылы пайдалануға берілмек және жақын жатқан бағыттарды (Тобыл, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар) қамтиды 

«Қазақстан Теміржолы» АҚ хабарлауынша, кешен аумағы 127,2 га. Соның ішінде 33 мыңға жуығы ғимараттың өзіне, ал 15 мыңнан астамы коммерциялық мақсаттарға, қалған орын көлік тұрағына арналмақ. Ғимаратқа бір уақытта 2,5 мың адам (тәулігіне 12000-35000 адам) сыйяды.

Бұдан басқа, вокзал ғимаратының ішінде сауда орындары, қонақ үй, бизнес орталығы және ойын-сауық орталығы болады.

Вокзал «Мыңжылдық аллеясы» ауданында орналасады. Осылайша, жолаушылар ұзақ сапардан кейін тыныға алады. Сондай-ақ, бес қабатты ғимаратқа кешенді әуежаймен байланыстыратын қоғамдық көлік пен жүрдек трамвай жүреді. 

1 пікір
Мұрағат