Жалған ақпар берген азамат сотталды
Жалған ақпар берген азамат сотталды
10 жыл бұрын 3668

Тараз қаласындағы мешітте бомба қойылғанын айтып, жалған ақпар бергені үшін ер адам 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол Тараз қаласына қаңтар айының 26-ы күні келіп, жұмыс іздестіреді. Алайда, жұмыс таппай көңіл хошы болмаған ол полицияға телефон шалып, Тараз қаласындағы орталық мешітке біреулердің бомба қойғаны жөнінде жалған ақпар берген көрінеді. Бұл жайында «Новости-Казахстан» порталы хабарлады.

Әлгі азаматқа жалған ақпар таратқаны және террозизм актісі туралы жалған хабар таратқаны үшін айып тағылып отыр.

0 пікір
Мұрағат