Ит талап кеткен шарананың анасы іздестірілуде
Ит талап кеткен шарананың анасы іздестірілуде
2 жыл бұрын 1051

Қарағанды қаласының базарынан ашыққан иттер сау тамтығын қалдырмаған шарананың өлі денесі табылды. Осы сұмдыққа байланысты полиция оның анасын іздестіріп жатыр. Бұл жайында Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Хабарламада ашыққан иттер талап тастаған шаранының өлі денесі үстіміздегі жылдың қазан айының 28-і күні табылғаны, анасының әлі іздестіріліп жатқаны айтылған. Бұл жайында бұрын «Қазақстан-жаңалықтары» ақпарат агенттігі хабар таратқан еді. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шарананың өлі денесі Қарағанды қаласындағы «Шығыс» базарының маңынан табылған.

0 пікір