Ислами қаржыландыру мамандары елімізде дайындалады
Ислами қаржыландыру мамандары елімізде дайындалады
10 жыл бұрын 3214

Қазақстаннның 4-ші ислам конференциясында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің мәлімдеуінше, елімізде ислами қаржыландыру секторы қалыптастырылады. Яғни, шариғат талаптарына сай қаржы бөлінеді. Бұл жайында BNews.kz. ақпарат көзі хабар таратты. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, аймақта 75 млн мұсылман жамағаты тұрады. Мұның өзі ислами қаржыландыру әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Десе де, ислами қаржыландыру жүйесі тек мұсылмандарға ғана емес, сонымен қатар, наным-сенімі өзге тұрғындарға қызмет етеді. Еліміз ислами қаржыландыру жүйесіне бірден емес, бірте-бірте көшеді. Осынау игілікті шара үшін шариғат талаптарын және экономика саласын жетік білетін мамандар елімізде дайындалатын болады.

0 пікір
Мұрағат