Google аудармасындағы өрескел қателіктер қашан тиылады?
Google аудармасындағы өрескел қателіктер қашан тиылады?
9 жыл бұрын 4238

Google Translate қазақ тілін аударуда өрескел, тіпті, ұлт намысына тиетін қателіктер жіберуде. Мәселен, «қазақ» сөзі орыс тілі жүйесіне аударылғанда "марихуана" болып шыққан. WikiBilim қорының жетекшісі Нұрбек Матжанидің айтуынша, мұндай өрескел қателіктерге кешіріммен қарауға болады екен. Өйткені, аталмыш жоба енді қолға алынып жатыр. «Көш жүре түзеледі»дегендей, қазақ тілін Google-де 2014 жылдың желтоқсан айында ғана қолға алғандарын алға тартқан ол мұндай қателіктерді түзету үшін талай жыл кететінін де жасырмады. Сондай-ақ, ол 400 адамға дейін өз еріктерімен көмектесіп жатқанын айтып қалды.

 

Ғалымдар: Қазақтың гені о бастан жақсы болған

Қазақтардың гені о бастан жақсы болған, себебі6 халықтың ата-бабасы қаны жақын адамдардың үйленуіне жол бермеген.

Бұл туралы Назарбаев Университетінің геномдық және персоналдандырылған медицина департаментінің директоры, медицина ғылымдарының докторы Айнұр Ақылжанова айтты. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

"Қазақтардың гені бұрыннан жақсы, бізде ерте заманнан аутизм ауруы, Даун синдромы сияқты тұқым қуалайтын аурулар болмаған. Бұл немен байланысты? Меніңше, бұған себеп - қазақтар дана болған, олар жеті атадан аспаған туыстарына үйленбеген. Немерелес жақындарына үйлене беретін арабтардағы, еврейлердегі, Еуропа халықтарындағы сияқты патологиялық гендердің өзара жақындасуы болмаған. Олардың бойында бар мутант гендер қосылып кетеді де, кемтар ұрпақтың тууына себеп болады", - деді Ақылжанова мемлекет басшысы Назарбаев Университетіне келердің алдында Өмір туралы ғылымдар орталығы жұмысын таныстыру кезінде.

"Қазақ популяциясында тұқым қуалайтын аурулар көп кездеспейді. Мысалы, мен Анджелина Джолиден анықталған сүт безі қатерлі ісігі туралы зерттедім. Қазақ популяциясында мұндай мутациялар өте сирек кездеседі", - деді ғалым.

Оның айтуынша, бұл түрлі ұлттар арасындағы некенің генофондына оң әсер етеді.

"Басқа гендерді араластыру жақсы әсер береді. Мысалы, халықтың генофондына түрлі гендер көп араласса, ол соғұрлым жақсарып, ең жақсы факторлар табиғи жолмен іріктелетін болады. Аралас некелер мен бұл гендердің жақсаруы әлем халықтары генофондының оңалуына ықпал етеді", - дейді ол.

Ақылжанованың айтуынша, Қазақстан аумағында әлімсақтан түрлі халықтар өзара араласып кеткен.

 

 

1 пікір
  • медицина департаментінің директоры, медицина ғылымдарының докторы аралас некені насихаттап отырса "оңармыз"
    9 жыл бұрын
Мұрағат