Ғасыр соңында Африка тіршілікке жарамсыз құрлыққа айналуы мүмкін
Ғасыр соңында Африка тіршілікке жарамсыз құрлыққа айналуы мүмкін
5 жыл бұрын 3052 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Африкадағы халық санының көбеюі өз кезегінде аталмыш құрлықтағы экологиялық жүйені дегредацияға ұрындыруы мүмкін. Табиғи ресурстарды ашкөздікпен пайдаланудың салдары Африканы тіршілікке жарамсыз құрлыққа айналдырады. Бұл жайында Scientific Reports мерзімді басылымында ғалымдар осындай тұжырым жасапты. "Біздің бұл тұжырымымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму бағдарламасына қайшы келеді. Өйткені, БҰҰ бағдарламасы халықтың санын шектеу әрі халықтың тығыз орналасуына қарсы шараларды қамтымаған. Африка елдері халық санының өсуін тежейтін нақты шараларды қолға алуы тиіс",- деп мәлімдеді Австралиядағы Аделаида университетінің ғалымы Кори Брэдшоу (Corey Bradshaw). БҰҰ келтірген мәліметке қарағанда, жер тұрғындарының қарасы осы ғасырдың орта шенінде 9,9 млрд адамға жетпек, 2053 жылы бұл көрсеткіш 10 млрд-тан асып жығылмақ. Оның көп бөлігі Африка құрлығындағы елдерге тиесілі - аталмыш құрлықтағы адамдар саны 2,5 млрд-қа көбейеді. Ал америкалықтардың үлесі 223 млн адамды құраса, азиялықтар 900 млн адамға көбеймек. Еуропалықтар қарасы керісінше 12 млн адамға азаймақ. PRB үкіметтік емес ұйымының сарапшылары планетаның ең басты әлеуметтік-демографиялық проблемасына экономикасы артта қалған елдерде халық санының өсуін жатқызып отыр. Қазірдің өзінде Африка тұрғындары инфрақұрылымдық, экологиялық, т.б. пробеламалармен бетпе-бет келіп отыр. Тіпті, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге дәрменсіз. 

0 пікір
Мұрағат