Еуразиялық экономикалық одақ өз қызметіне кірісті
Еуразиялық экономикалық одақ өз қызметіне кірісті
2 жыл бұрын 651

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, Еуразиялық экономикалық одақ өз қызметіне кірісті. Бұл – бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақтарымен өлшенетін мегажоба. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың наурызында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің академиялық аудиториясында оқыған дәрісінде ТМД кеңістігі бойынша сапалық жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық экономикалық одақ құруды тұңғыш рет ұсынған болатын.

Ал енді осы жерде бірден нақтылай кететін бір мәселе – ЕАЭО сая­си ұйым емес. Мұнда тек экономикалық әріптестік жасау көзделген. Өйткені, Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген одақтан бас тартамыз», дегені баршамызға мәлім. Сондықтан да, кейбір отандастарымыздың алаңдауына ешқандай да негіз жоқ. Демек, ЕАЭО Қазақстан тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейді, керісінше, еліміздің экономикасына үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ал енді осы ЕАЭО-ның қыр-сырына кеңірек тоқталып, тереңірек баяндап көрелік.

 

Одақ төрт қағидатқа негізделеді

Біріншіден, интеграцияны эконо­ми­калық прагматизм негізінде құру ұсынылды.

Екіншіден, әрбір мемлекет өз шекараларында тұйықталып қалудың мағынасы жоқ екендігін түсінуге дербес келуі тиіс. Халық пен елдің мүдделерін басшылыққа алған ерікті интеграция – өркендеудің ең қысқа жолы.

Үшіншіден, Еуразиялық эконо­мика­лық одақ – мемлекеттердің теңдік, бір-бірінің ішкі ісіне араласпау, егемендік пен мемлекеттік шекараларға қол сұғыл­мауын құрметтеу қағидаттары негізіндегі бірлестік ретінде көрініс береді.

Төртіншіден, Еуразиялық эконо­микалық одақ әрбір мүше елдің мүд­де­лерін ескеретін, нақты да шынайы өкілеттіктерге ие, консенсус негізінде іс-қимылдар жасайтын ұлтүстілік орган құрып отыр.

Бүгінгі таңда үш мемлекеттің (Арме­нияны қоспағанда) жиынтық ішкі жалпы өнімі шамамен 2 трлн. долларды құраса, өндірістік әлеуеті 600 млрд. долларға, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемі шамамен 112 млрд. долларға, ал жалпы тұтыну нарығы 165 млн. адамға бағаланады.

0 пікір