Еліміздегі ең ежелгі қала
Еліміздегі ең ежелгі қала
10 жыл бұрын 5775

Еліміздің археологтары Шымкентті тек еліміздің аумағында ғана емес, Орталық Азия бойынша ең ежелгі қала екенін анықтады. Бұл жайында КТК телеарнасы хабар таратты. Археологтардың айтуынша, Шымкенттің ең ежелгі қала екенін растайтын заттай айғақ осыдан он жыл бұрын табылған. Яғни, көне қорымнан табылған зергерлік бұйымдар, қыш ыдыстар, т.б. біздің дәуірімізге дейінгі 3-4 ғасырларға тиесілі болып шыққан. Алайда, шетелдік сарапшылар мен мамандар Шымкентті ең ежелгі қала деп тану үшін алдымен ЮНЕСКО тарапынан мақұлдануы тиістігін алға тартып отыр. Табылған заттар мен бұйымдарға қарағанда Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар. Бұл жайында Францияның тарих ғылымының докторы Лионетт Бертий мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат