Елімізде ұлттық сусындар туралы заң қабылдануы мүмкін
Елімізде ұлттық сусындар туралы заң қабылдануы мүмкін
2 жыл бұрын 1741 Қазақстан Республикасы парламентінің сенат депутаты Қуаныш Айтаханов

Ұлттық сусындар, нақтырақ айтқанда, қымыз бен шұбат туралы заң қабылдауды ұсынды. Бұл жайында Headline.kz ақпарат көзі хабарлады. Халық қалаулысының сөзіне қарағанда, қымыз бен шұбат ұлттық брендімізге айналуы тиіс. Сол үшін де арнайы заң қабылдануы қажет. Сондай-ақ, бұл заңда аталған ұлттық сусындарды дайындаудың дәстүрлі, яғни, классикалық тәсілі, оларға қойылатын талаптар, сақтау шарты, емдік қасиеті, дәмінің ерекшелігі, т.б. жазылуы тиіс. Сонымен бірге, ұлттық сусындар өндіргісі келетін фермерлерді ынталандыратын жеңілдіктер қарастырылуы қажет. Аталмыш заң қабылданатын болса, ата-баба ісін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сенатор осылай дей келе елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған ауыл шаруашылығын модернизациялауға басымдық берілгенін еске салып өтті. Бұл заң өз кезегінде еліміздің дамуы үшін стратегиялық маңызы зор құжатта айтылған талаптарды орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ел елеулісі қымызбен және шұбатпен емдеу мәселесін де көтерді. Тек мәселе көтеріп қана қоймай, көрші Ресей Федерациясынан нақты сандармен мысалдар келтірді. Мәселен, Ресейде 80 агроферма бар қымыз өндіретін. Сонымен бірге, қымызбен емдейтін 48 емхананың барын да тілге тиек етті. Батыс елдері мен Күншығыс елінің де біздің ұлттық сусындарға қызығушылық танытып отырғанын алға тартты.

 

0 пікір