Елімізде тұңғыш рет аквапоникалық жылыжай салынуда (видео)
Елімізде тұңғыш рет аквапоникалық жылыжай салынуда (видео)
5 жыл бұрын 3207 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында салынып жатқан аквапоникалық жылыжай құрылысының 80 пайызы аяқталды десе де болады. Бұл жайында "Хабар 24" телеарнасы хабар таратты. Аталмыш жылыжайдың ерекшелігі бір мезгілде балық өсіруге әрі қоректік ерітіндіде өсімдік өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай озық технология еліміздің аумағында алғаш рет қолданылуда. Аталған жобаның құны 923 млн теңгеге бағаланып отыр. Бұл жылыжайды оңтүстік кореялық инвесторлардың көмегімен тұрғызылып жатыр. Мұндағы барлық процесс автоматтандырылады. Жылыжайды 2018 жылдың соңына қарай ашуды оспарлап отыр. Жылына мұнда төрт түрлі салатқа арналған 300 тоннадан аса жапырақ әрі 41 тонна балық өсіріледі, Жылыжайда 20 адам тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Бұдан бөлек, жылыай жанынан балықты өңдеу цехы ашылады. Бұл жылыжай құрылысы үшін Оңтүстік Кореядан 30-ға тарта вагонмен керекті құрал-жабдықтар жеткізілді. 

 

0 пікір
Мұрағат