Елімізде тойларда қымбат мейрамхана жалдап, эстрада жұлдыздарын шақыруға тыйым салынбақ
Елімізде тойларда қымбат мейрамхана жалдап, эстрада жұлдыздарын шақыруға тыйым салынбақ
5 күн бұрын 342

Елімізде аста-төк тойларға тыйым салынбақшы. Қымбат мейрамхана, эстрада жұлдыздары, арнайы шоу-программа. Бұның барлығы енді қара тізімге кіреді. Осылайша халық қалаулары қазақстандықтардың тойындағы ысырапшылдығын тоқтатып, прагматизмге үйретпек ниетте.

Қарызға белшесінен батып, жиған-тергенін қуанышына жарататын қазақ бұл бастаманы қалай қабылдайды? Шенеуніктердің ойы қандай? Бұл туралы stan.kz ақпарат көзі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Көрпесіне қарай емес, жұрттың сөзіне қарай көсіліп жүрген қазақтың аста-төк тойлары билік басында отырғандардың да назарына ілігіп, ойға қалдыруда. Мәселен, Сенат төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев бұл мәселеде өзбек пен түріктерден үлгі алуға шақырған еді. Оған қатысты біраз пікірталас туындағанымен, ырду-дырдудан әлі де арыла қойғанымыз шамады.

Бірақ, халық қалаулылары мұндай тойларға шектеуді біртіндеп бастаған жөн дейді. Себебі…
«Әрине біз ысырапшылдыққа бір жағынан шектеу қоюуымыз керек. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлерге. Мемлекеттік қызметкерлер қарапайым халыққа жақын болуы керек. Аяқ асты заңменен тыйым салсақ реакция басқаша болады. Мәдениет бір күннің ішінде өзгермейді» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Десе де, жастар арасында ысыраптан арылып, шығыннан бас тартқан жұптар да жоқ емес. Мәселен, өскемендік Нұрсұлтан жұбайымен дүркіретіп тойды өткізбей, жетімдер үйіне қайырымдылық жасауды жөн көріпті. Жігіттің сөзінше, мұндай қадамға бұрыннан іштей дайын болған. Жары Алтынайда бірауыздан отағасының ықыласын қолдапты.
«Алтынай екеуміз басынан ойластырғанбыз, беталды далаға шашырамай, мейрам ұйымдастырып, балаларға сол өткізгіміз келіп, солай өткіздік. Балаллар үйі деп шешкеніміз, балалар кішкентайынын мерекеден айырылған, сол балаларға өткізгіміз келді. Ешкім қарсы болған жоқ, бәрі ия деп қолдап!» – дейді қала тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаев.

Атқамінерлердің бұл сөзі той жүргізушілері мен шоумэндерге жақпағаны белгілі. Мәселен, бірнеше жылдан бері тойдың түр-түрін жүргізіп келген Алдия Алпысбаев бұрынғы қазақи дәстүрмен той өткізетін болсақ, қазіргі ысырап екі еселенуші еді деген пікірде.
«Қазіргі таңда қазақтың дәстүрімен именно осы Астана қаласында мен ойлаймын ол керісінше екі есе қымбатқа түседі. +0251- Қарапайым қызды кіргізуді алар болсақ. Қарапайым қызды кіргізу 50 мың болса, қазақтың салтымен дәстүрімен домбыра ұстап, серілермен қасында құрбы-достары шулап шығып, әлгі Қыз Жібектің жанындағы құрбылары құсап, ол 100-120 мыңның айналасында болады» – дейді асаба Алдияр Алпысбаев.

Әлбетте, той жасауға тыйым салынса, әншілердің де біраз ақшадан қағылатыны белгілі. Шенділердің мұндай уәжіне продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов бүй дейді.

«Елімізде заң шығаратын шешетін, таусылып, той қана қалған ба? Онда Сіз бақытты адамсыз, сол күнге жете берейік. Бүкіл проблемамыз шешіледі ма одан? Бізге түйінді мәселелрді шешу керек. Той – ол бұрыннан келе жатқан нәрсе» – дейді продюсер Қыдырәлі Болманов.

Экономистер де аста-төк тойға тыйым салу керек пікірді қолдайды. Тіпті ол, қазақтың негізгі өзекті мәселесіне айналған. Алайда, тойдағы ысырапшылдықты деваливация да, дағдарысты тоқтатқан жоқ. Сондықтан да ол уақыт еншісінде.
«Шариғат бойынша әуелі өзіңді жарылқа дейді. Өзіңді жарылқасаң, отбасыңды жарылқа. Оны жарылқадың ба, көмектестің ба ауылдастарыңды жарылқа. Оның барлығын жарылқадың ба қауымды жарылқа. Енді сол қаржы болатын болса, неге сол қауымды жарылқамайды?» – дейді экономист Орақ Алиев.

Сонымен, қарапайым халық той жасау үшін кемінде 15-20 мың доллар жұмсайды. Оның ішіне – кит, мейрамхана, қыз жасауы өзге де қымбат сыйлықтар кіреді. Шамамен тағы 5 мың доллар қосылар. Ал Дәл осы бағаға яғни шамамен 7 500 000 миллонға Астана мен Алматының шеткі ауданынан 1 бөлмелі пәтер, Шымкенттен 3 бөлмелі үй алуға болады дейді экономистер.

0 пікір
Мұрағат