Елімізде қандай дертке қарсы екпе әзірленеді
Елімізде қандай дертке қарсы екпе әзірленеді
5 жыл бұрын 2422 Әділет Мұсахаев

Егер адам екпе қабылдар алдында тұмаумен немесе басқа да аурумен сырқаттанып жүрсе екпе теріс әсер етеді. Бұл туралы bag.kz Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы директорының міндетін атқарушы Арнұр Нұртаевқа сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Оның айтуынша, елімізге әкелінетін вакциналардың барлығы сапалы әрі тексерістен өтіп отырады.

“Елімізде қазір 58 вакцина тіркелген. Оның ішінде обаға қарсы вакцина ғана өзімізде шығарылады. Еуропадан 30 вакцина, Ресейден- 5, АҚШ-тан 11, Жапониядан біреу жеткізіледі. Бұл вакциналардың сапасы тексерілген, барлық талаптрға сай келеді. Елімізге келген дәрілер кедендік бақылауда болады. Тек біздің мамандардың сараптамалық жұмыстарынан кейін ғана елге кіргізуге рұқсат алады”, - дейді А.Нұртаев.

Мамандарға қазір халық арасында екпе салдырудан бас тару жағдайы белең алып келе жатыр, "себебі не?" деген сұрақ қойылды.

“Иә, ондай жағдай болып жатады. Өйткені, олар инфекциялық аурудың қандай болатынын көрген жоқ. Сондықтан олар қорықпайды. Егер 1940-1950 жылдардағыдай инфекциялық аурулардың қалай кең таралғанын көрсе екпе салдыруға асығар еді”- дейді профессор Павел Дерявин. 

islam.kz сайтынан: қандай да бір ауруды тарих еншісінде қалатын "бір жолғы" мәдени мұра (тіпті, мәдени мұраның өзі көненің көзіндей болып сақтаулы тұрады емес пе) емес, жағдайды ұдайы бақылауда ұстамаса, қайта айналып соғатын, бас көтеретіні бар. Оба - орта ғасырларға тән жұқпалы дерт дегенімізбен (аталған мерзімде оба індетінен адамдардың жаппай опат болуына байланысты қалыптасқан ұғым), оқтын-оқтын қылаң беріп қоятын қауіпті індет. Қазақ даласы, мамандардың айутынша, "обаның ошағы" саналады. Обаның ошағы Қазақстанның 29 пайыз аумағын қамтиды. Қазақ даласындағы түйелердің 95 пайызы осы оба ошағында жайылады. Дер кезінде екпе алмаған түйенің етін тұтыну, сүтін ішу адамдар арасында аталған дерттің таралуына алып келмек. Сол себепті, елімізде жалғыз дерт түріне ғана - обаға қарсы екпе әзірленеді. Бұл індеттің қайта айналып соғатынын айтып өттік: 1947 жылы Бақанас ауданына қарасты Көк-Өзек кентінде обадан 40-қа тарта адам опат болғанын айта кету керек. 1945 жылы Ақбасты-Ауандағы індеттен 127 адам қырылды, Атырау облысынан 500-ге жуық адам обадан баудай түскен еді.  

0 пікір
Мұрағат