Елімізде пойыз жолаушыларына айыппұл салынбайды
Елімізде пойыз жолаушыларына айыппұл салынбайды
5 жыл бұрын 1838

Қазақстанда пойыз жолаушылары жаңа ережелерге бағынатын болады. Жолаушыға пойызбен жол жүрмей, билетті қайтарып бергені үшін мың теңге көлемінде айыппұл салынбайды. Жаңа ереже бір аптадан кейін күшіне енеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Комиссиалық алым бір жыл бұрын енген. Осы уақыттың аралығында ұлттық тасымалдаушыға отандастарымыздың наразылығы түсті. Көптеген қазақстандықтар айыппұл төлемеу үшін билеттерін қайта сатып отырған. Жаңа талаптар бойынша билеттерді заңсыз сату қысқартылады. Егер билеттерді бірнеше адам бірігіп сатып алса, билеттің құнына қарай 30 пайыз көлемінде депозит төлейді. Жаңа талаптардың мүгедектерге де қатысы бар. 

"Мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың жағдайына қатысты өзгертулер енді. Бұл 1,2,3 топ. Мүмкіндігі шектеулі адамдар барлық әлеуметтік пойыздарға, барлық бағыттарға билетті 50 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады", — "Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов. 

0 пікір
Мұрағат