Елімізде "отбасы соты" пайда болуы мүмкін
Елімізде "отбасы соты" пайда болуы мүмкін
6 жыл бұрын 2585 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай елімізде "отбасы соты" пайда болуы мүмкін. Онда отбасына және кәмелет жасына толмағандарға қатысты әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер қарастырылатын болады. Бұл жайында Zakon.kz ақпарат көзі "Осы заманғы әділ сот жүйесіндегі отбасы соты" деп аталатын тақырыпта өткен үстелбасы әңгімеде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Ұлболсын Сүлейменоваға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Дәл қазіргі уақытта Жоғарғы сот мұндай сот жүйесі жұмыс істейтін елдердің тәжірибесін зерделеп жатыр. Мәселен, отбасы сотында ажырасқысы келетін ерлі-зайыптылар татуласу шарасынан, дәрістен, психологтардың қабылдауынан өтеді. Десе де отбасы сотының нақты құрылымы жоқ. Соған қарамастан отбасы сотының өзіндік ерекшелігі сарапталатын болады. 

0 пікір
Мұрағат