Елімізде жыл сайын 2 000 мектеп оқушысы жүкті болып қалады
Елімізде жыл сайын 2 000 мектеп оқушысы жүкті болып қалады
10 жыл бұрын 3511

«КТК» телеарнасының хабарлауынша, ресми статистикалық мәлімет бойынша елімізде соңғы жылдары жиырма мыңнан аса кәмелет жасына толмаған мектеп оқушысы түсік жасатады екен. Сондай-ақ, Қазақстан әлем бойынша 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші бойынша да «көш бастап» тұр. Ұлттық деңгейге көтерілген осынау келеңсіздікпен күресу үшін қоғам болып жұмылып, отбасылық институттардың іргетасын нығайту керектігін алға тартып отыр мамандар. Біздің қосарымыз: ата-баба дәстүрін жаңғырту, ислам құндылықтарын дәріптеу секілді шараларды да қолға алу керек. Салдарымен емес, себебімен күресіп үйренуіміз қажет.

0 пікір
Мұрағат