Елімізде жер мен мүлік салығы біріктіріледі
Елімізде жер мен мүлік салығы біріктіріледі
21 күн бұрын 169

Қазақстанда 2020 жылдан бастап жер мен мүлік салығын біріктірілмек. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР МКК Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Алдағы уақытта жеке тұлғалардың мүлік салығы мен жер салығын төлеуді жеңілдету көзделіп отыр. Осы мақсатта «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды (жер мен мүлік) біріктіру ұсынылуда», — деді Дәулет Жарылғасынов.

Оның айтуынша, бұл жағдайда жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке есептеледі. Ал салық төлеушіге бір сомамен төлеу ұсынылады.

«Сол секілді, заң жобасында көп пәтерлі тұрғын үйлердің иелері бойынша жер салығын алып тастау да қарастырылған», — деді ол.

Қазақстанда көппәтерлі үй иелері үшін жер салығын алып тастау қарастырылуда

Қазақстанда көппәтерлі үйлердің иелері үшін жер салығы алынып тастау туралы туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әдіснама департаментінің директоры Дәулет Жарылғасынов айтты. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

«Бұл салық сомасының мардымсыздығына және әкімшілік шығындардың көптігіне, нысандардың көптігіне және есептеудің күрделілігіне байланысты», - деп түсіндірді Дәулет Жарылғасынов.

Оның айтуынша, мұндай жаңашылдықтар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасында қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстан жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеуді кейінге қалдыруға ниетті екендігі туралы хабарланған болатын.

 

0 пікір
Мұрағат