Елбасының алғашқы сапарларының бірі
Елбасының алғашқы сапарларының бірі
10 жыл бұрын 4451 m.tengrinews.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың 1992 жылы 2 қыркүйекте Торғай облысына жасаған сапарынан түсірілген видеосының ғаламторда жарық көргеніне көп бола қоймапты. Видеоның сапасы нашарлау. Бейнефильмге қарап отырсақ, Елбасы өзінің сапарын МИ-8 тікұшығамен жасаса, ауыл арасында қарапайым волга автокөлігін пайдаланған.
Елбасын халық «Шашу» деген қазақтың дәстүрі бойынша қарсы алады. Одан ары қарай ақсақалды аталар мен ақжаулықты әжелер ақ батасын беріп жатады. Одан соң Елбасы Торғайлықтардың талап-тілегін тыңдап, мәдени ошақтарды аралайды. Сол кезде ешкім де Елбасының биік-биік асқарларды бағындыратынын ойламаған да болар. Осы Торғай облысында түсірілген Елбасының бір сәттік сапары, үлкен болашаққа деген бастамалардың бірі болатын.

1 пікір
  • өкінішке орай жастарымызды әлі де арақтан арылта алмай жүрміз 12:18
    10 жыл бұрын
Мұрағат