Елбасы Н.Назарбаев Д.Қонаев жайында: Мен оның жеке басына тиетін сөз айтпадым (видео)
Елбасы Н.Назарбаев Д.Қонаев жайында: Мен оның жеке басына тиетін сөз айтпадым (видео)
8 жыл бұрын 4106

Шілде айының 3-і күні Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіледі, - деп хабарлайды "Tengrinews.kz" ақпарат көзінің тілшісі. Фильм авторы Ярослав Красиенко өзінің Instagram-аккаунтында бірнеше видеоаңдатпа жариялады. 

"Елбасы" жайлы фильмнің тағы бір аңдатпасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың 1986 жылы ақпанда ҚазКСР КП XXVI  съезінде сөйлеген сөзі туралы атышулы оқиғаның мән-жайын анықтаймыз", - деп жазды фильм авторы.

"Әрине, бұл сөзім бүлік болды, шынымды айтайын, бірақ айтпай тұра алмадым, маған қиын болды. Өте қатты құрметтейтін басшыма сөзімнің тиіп кетіп тұрғанын түсіндім. Бірақ, мен оның жеке басына тимедім, экономика жайлы айттым. Бірақ, мен оған қатты тиіп кететіні жайлы тіпті ойламадым да. Өз ішімде мен оған көмектесіп жатырмын деп есептедім. Мен ол бұл жайлы білмейді деп ойладым. Сол кезең жеке мен үшін қауіпті болды. Жалпы мемлекеттің қайсыбір реформасы реформатор үшін әрқашан да қауіпті", - дейді фильмде елбасы.

Сонымен қатар, тағы бір аңдатпада Назарбаев билік туралы айтады. "Әрине, қазақ, ол да өзін құрметтеуді сүйеді, жақсы болғысы келеді, басшы болғанды ұнатады. Кім ұнатпайды дейсіз. Ұлт әкесі деп адам өзін емес, оны халық атауы керек, мен, тіпті, бұл туралы сөйлегім де келмейді...".

"Елбасы" фильмі КТК (21.00-де) және "Хабар" (22.00-де) жексенбіде, шлденің 3-і күні көрсетіледі.

0 пікір
Мұрағат