Елбасы «Мерейлі отбасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттайды
Елбасы «Мерейлі отбасы» байқауы жеңімпаздарын марапаттайды
10 жыл бұрын 5161 baq.kz

Бүгін елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. 

Бұл байқау ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде осыдан біршама уақыт бұрын басталған болатын. Ал елордаға өңірлік конкурстардың жеңімпаздары жиналып отыр.

Бұл конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 1 298 жанұя бақ сынады. Марапаттау рәсіміне аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 отбасы қатысады. Жеңімпаздар отбасыларды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының өзі марапаттайтын болады.

0 пікір
Мұрағат