Елбасы Мәскеудегі әскери парадқа қатысты
Елбасы Мәскеудегі әскери парадқа қатысты
2 жыл бұрын 946

Нұрсұлтан Назарбаев Қызыл алаңда өткен әскери парадта болды, сондай-ақ Белгісіз солдат зиратына гүл қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды akorda.kz.

Мәскеудегі мерейтойлық парадқа 16 мыңнан астам әскери қызметші, 194 құрлықтық әскери техника, 143 ұшақ және тікұшақ қатысты.

Қызыл алаңнан Ұлы Отан соғысындағы әскерилердің формасын киген тарихи жауынгерлік есептоптар сап түзеп жүріп өтті. 
Парад барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері мен басқа да бірқатар шет елдерден он есептоп салтанатты шеру тартты. Біздің елімізден парадқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери институтының курсанттары қатысты.

Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына 2 300-ден астам адам, соның ішінде таяу және алыс шетелдерден ардагерлер шақырылды. Мәскеудегі салтанатты іс-шараларға 30-ға жуық шетелдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысты. 

 
 
 
 
 
0 пікір