Елбасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын қабылдады
Елбасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын қабылдады
10 жыл бұрын 3747 akorda.kz akorda.kz

Кездесу барысында еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда діни ахуалдың тұрақты екенін, түрлі конфессия өкілдері татулық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде діни білім беру мәселесі қозғалды. Нұрсұлтан Назарбаев жастарға рухани-өнегелі тәрбие берудің маңыздылығына, сондай-ақ бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Е.Маямеров Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі жұмысы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің барша мұсылман қауымын алда келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады. 

0 пікір
Мұрағат