Ел іші: Солтүстік Қазақстанда белгісіз тәсілмен емделген екі адам көз жұмды
Ел іші: Солтүстік Қазақстанда белгісіз тәсілмен емделген екі адам көз жұмды
9 жыл бұрын 2631

Қазақстанда соқыр сенімге алданушылар саны азаяр емес. Солтүстік Қазақстанда “Алла аят” деген белгісіз тәсілмен емделген екі адам қаза болған. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты. 
Ал Астанада “күнге жетеміз” деп ыстыққа табынған бір азаматша өз-өзіне ыстық су құйып, күйіп қалыпты. Бұл туралы елордада өткен жиын барысында айтылды.
“Жалпы, елімізде адамдарды арбайтын соқыр сенімдерге толық тұсау салынбай отыр”, – дейді мамандар.
Қаржы табуды көздеген алаяқтар адамдардың осал тұстарын тауып, оларды түрлі тәсілмен емдейміз деп алдайтын көрінеді. Жыл басынан бері 114 нөміріндегі жедел желіге 153 қоңырау түсіп, санасы уланған азаматтар көмек сұраған.
Ал ақпараттық кеңес беру орталығында өзі, не туысы торға түскен адамдарға теологтар, заңгерлер, дінтанушылар мен психологтар кеңес береді.
“Бүгінгі таңда елімізде 20 діни, оның ішінде экстремистік, лаңкестік ұйымдарға тыйым салынған. Тізімде таблиғи жамағат, тағфир дегендер бар. Одан басқа Қостанай облысында тұз қосылған шай арқылы емдейміз дейтін Фархат ата, Солтүстікте “Алла аят” әдісімен емдейтіндер табылды”, – дейді “Діндерді зерттеу орталықтарыныңқауымдастығы” ЗТБ директоры Юлия Денисенко.

0 пікір
Мұрағат