Ел іші: «Қазпошта» ауылдық жерлерге газет-журналды шағын ұшақпен жеткізуі мүмкін
Ел іші: «Қазпошта» ауылдық жерлерге газет-журналды шағын ұшақпен жеткізуі мүмкін
9 жыл бұрын 2761

«Қазпошта» акционерлік қоғамының төрағасы Бағдат Мусин ұшақсыз ұшатын шағын аппараттарды шалғайдағы ауылдық жерлерге газет-журнал жеткізу үшін пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатқандарын жеткізді.

Оның айтуынша, өткен жылы аталмыш компания мамандары мерзімді басылымдарды тиісті жеріне жеткізудің қиындықтарын талқылаған. Расын айту керек, газет-журналдардың дені ауылдық жерлерге кешігіп жететіндіктен, ондағы жаңалықтардың өзектілігі мен маңыздылығы болмай қалады. Нақтырақ айтқанда, мерзімді басылымдар ары кеткенде сегіз күннің ішінде діттеген жерге жеткізілетін. Бүгіндері бұл мерзім үш күнге дейін қысқартылған. Неғұрлым тез жеткізу көлік және өзге де шығындардың өсуіне әкеліп соқтыратынын да тілге тиек етті.

 

Талапкерлерге арналған мобилді қосымша

Елімізде колледж талапкерлеріне арналған мобилді қосымша жасалды. Ол арқылы талапкер өзіне лайықты оқу орнын таңдай алады. Яғни, бұл қосымша оның кәсіби бағдарын айқындауына көмектеседі. Бұл жайында аталмыш жоба авторы Әсет Оспанов Tengrinews.kz ақпарат көзінің тілшісіне айтып берді. Сондай-ақ, талапкер өзі «ен таққан» оқу орны туралы толыққанды мағлұмат ала алады. Нақтырақ айтқанда, қабылдау шарттарымен және ережесімен танысады. Бұған қоса, өзі таңдаған оқу ғимаратының фото-суреттерін тамашалап, тағы басқа қосымша мәліметтерді үйінен шықпай-ақ біле алатын болады. Сонымен бірге, талапкер бұл қосымша арқылы қабылдау орнына телефон шалып, өзіне қажетті мәліметтерге қаныға алады. Өзі таңдаған оқу орнының тарихынан, сабақ кестесінен, т.б. мәліметтер алуына болады.

0 пікір
Мұрағат