Дінтану-сот сараптамасы өз алдына бөлек болады
Дінтану-сот сараптамасы өз алдына бөлек болады
9 жыл бұрын 5807

Үстіміздегі жылы елімізде дінтану-сот сараптамасы өз алдына бөлек болады. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Сапарбек Дүйсенов «Дінтану-сот сараптамасын жүргізудің көкейкесті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік мәні бар жиында мәлім етті. Оның айтуынша, осы заманғы қоғамдық-саяси өзгерістер әділет министрлігінен сараптама саласы бойынша өз мүмкіндігін ұлғайтуды талап етіп отыр. Сөз реті келгенде айта кетейік, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында және өткен жылды қоса алғанда орталық сот сараптамасы діни мазмұндағы 385 материалды сараптамадан өткізген екен.

0 пікір
Мұрағат