Дербес деректердің қауіпсіздігіне қолсұққандарға жаза қолданылады
Дербес деректердің қауіпсіздігіне қолсұққандарға жаза қолданылады
12 күн бұрын 129 Роза Ысқақ

Азаматтың жеке персоналдық деректеріне қол сұғып, оны заңсыз алған адамдар үшін әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады. 10 МРП пен 200 МРП айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. 

Сондай-ақ, заңсыз әрекет еткен азамат 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Парламент депутаты Майра Айсинаға сілтеме жасай отырып хабар таратты. 

Персоналдық, яғни дербес деректерге қатысты айтар болсам, азаматтың жеке деректеріне қол сұғып, оны заңсыз алған адамдар үшін әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады. 10 МРП пен 200 МРП айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Сондай-ақ, заңсыз әрекет еткен азамат 2 жылға бас бостаңдығынан айырылуы мүмкін. Бұл жерде бір нәрсеге мән беру керек. Барлық қолданылып жатқан шараларға қарамастан, дербес деректердің қауіпсіздігін қорғау бойынша адами факторлар орын алып жатады. Сол себепті Заңның жобасына мемлекеттік корпорацияларда жұмыс істейтін қызметкерлерге деген қатаң талапты күшейтуді қарастырамыз, - деп жауап берді тілшінің сауалына Майра Айсина.

Оның айтуынша, қызметкерлер информатизация саласында құзыретті органның тексеруінен өтетін болады. Алайда, бұл қауіпсіздікті ең алдымен азаматтардың өзі қамтамасыз етуі керек.

 
Әр адам электрондық анықтама алуды бұғаттай алады. Электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке кіріп, оның дербес дерегіне заңсыз кіріп, электрондық анықтамаларды алу жағдайлары туындаса, оны болдырмау үшін бұғаттап немесе қайтадан бұғаттауды алып тастай алады, - деді депутат. 

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға аса мән беріліп отыр. 

Бұрын міне Алматыда тұрып, Орал қаласынан бір құжат сұрайтын болсаңыз, пошта арқылы келу үшін бір ай кететін. Қазіргі кезде Қазақстанның қай түкпірінде жүрсеңіздер де, тұрғылықты мекенжай анықтамасын әр жерден ала беруге болады. Яғни, эксаумақтық түрде жедел ала беруге мүмкіндік бар, - деп атап өтті спикер.

Биылғы жылы көрсетіліп жатқан қызметтердің 80% электрондық түрде көрсетіліп отыр. Бірақ соны нақты пайдаланып жатқан адамдар саны аз екен.

Бұл заң жобасы ведомствоаралық комиссияда жан-жақты қаралып, пысықталды. Сонда біз көтерілетін барлық сұрақты талқылаймыз. Заңға тиісті өзгерістер керек болса, осындай заң жобасы аясында ұсыныстар мен өзгертулерді қабылдаймыз, - деп айтты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов.
0 пікір
Мұрағат