Депутаттың сауалы аяқсыз қалмаса екен
Депутаттың сауалы аяқсыз қалмаса екен
10 жыл бұрын 3801

Қазақстан Республикасы парламентінің депутаты Розақұл Қалмұратов ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдап, өсіп келе жатқан ұрпақты отанды сүюге тәрбиелеуде маңызы зор тәуелсіздік күнінің жаңа жылға дайындық қарбаласының тасасында қалып қоятынын айтты. Жылда айтылып келе жатқан, айтыла-айтыла жауыр болған бұл тақырыпқа қайта оралуымыздың мәнісі бар: әлі күнге  шешімін таппаған мәселе болды бұл. Халық қалаулысы Розақұл Қалмұратов Қазақстан халқы үшін тәуелсіздік күнінің ерекше орын алатынын, тәуелсіздік баянды болуы үшін оның қадір-қасиетін білуіміз керектігін де еске салып өтті. Ел елеулісінің айтуынша, бұл – әр азаматтың отан алдындағы борышы. Желтоқсан айынан бастап, еліміздің барлық қаласында Жаңа жылға дайындалуға қызу кірісіп кетеді. Зәулім ғимараттарға құттықтау плакаттары ілініп, шыршалар безендіріледі. Еліміз үшін мәні мен маңызы бөлек Тәуелсіздік күні мен бірінші президент күні мерекелерінің осынау жаңа жыл қарбаласының тасасында қалып қоятынына қынжылыс білдірді. Розақұл Қалмұратов ең алдымен ел мен жерді сүюге тәрбиелейтін осындай мерекелерге ерекше мән беруімізді қадап айтты. Халық қалаулысы жаңа жылды тойлауға қарсы еместігін айта келіп, одан да маңызды мерекелерге салғырт қарамауға шақырды.

0 пікір
Мұрағат