Қазаққа "дінтанушы тілші" мамандығы қажет пе?
Қазаққа "дінтанушы тілші" мамандығы қажет пе?
8 жыл бұрын 3622 muftyat.kz Ақтанберді Назымұлы

Қазанның 21 күні Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінде «Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай және оның БАҚ беттерінде ақпараттандыруы» мәселелері тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинар журналистер, дінтанушы және саясаттанушы ғалымдар арасында пікір алмасу форматында жүргізілді. Дінтанушылар мен сясаттанушылар қазіргі ел іші және шет елдердегі болып жатқан діни һәм саяси өзгерістерді кеңінен баяндап берді. Сонымен бірге, діни ақпарат таратудың маңыздылығына тоқталған олар, баспасөз беттерінде, әсіресе, дінге қатысты ақпараттар легінде олқылықтар кездесіп қалатынын жасырмады. Дін – идеологиялық қару сияқты, оны сол салада маманданған журналистер жазуы керек деген пікірге келді.


Олардың айтуынша, қалам ұстаған қауым иелері жазған материалдарда дінтанулық сауатты сарапатама емес, қайта діндер арасын алыстататын, тіпті, іріткі салатын сөз-сөйлемдер көп кездесіп жатады. Мұндай кемшіліктер әдейі жасалмаса да діни өренің төмен болуынан, зерттеу обьектісін нақты білмейтіндіктен туындап отыр, дейді сарапшылар. Философия және саясаттану факультеті деканының орынбасары, филос.ғ.к., доцент Бекжан Мейірбаев салалық журналистика бойынша дінтанулық журналистиканың да ашылып қалу мүмкіндігі бар екендігін, болашақта бұл қадам міндетті түрде күнтізбелік жоспарға кіретінін айтып отыр. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі,  филос.ғ.д., профессор Айнұр Құрманалиева., филос.ғ.д., профессор Нағима Байтеновалар аталмыш тақырып бойынша баяндамалар жасады. Тақырып жан-жақты талқыланып, журналистер тарапынан дін саласына қатысты бүгінгі күннің  өзекті сұрақтары қойылып, ұсыныстар айтылды.

0 пікір
Мұрағат