Бірыңғай жиынтық төлемнен жалтарғандар жазалана ма?
Бірыңғай жиынтық төлемнен жалтарғандар жазалана ма?
6 жыл бұрын 2243

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен жиын барысында бірыңғай жиынтық төлемді төлемеген азаматтарға қандай шара қолданылатынын айтты. Бұл жайында Қазақпарат хабар таратты.

«Үкімет санкция саясатынан бас тартты. Негізінде кодексте әкімшілік жаза қарастырылған. Яғни, адамдар тапқан табысын жасырып отыр. Бүгінде жазалаудан гөрі ынталандыруға басымдық берілуде. Азаматтар аталған төлемнен бас тартпаған жағдайда қандай әлеуметтік көмек алатынын білуі тиіс», — деді Мәдина Әбілқасымова. Министрдің айтуынша, БЖТ режимінде мәжбүрлік сипат жоқ. «Бұл жерде ешқандай жазалау қарастырылмаған. Бұл тетік арқылы бұрын аталған қызметтерді пайдалана алмаған адамдар әлеуметтік қолдауға қол жеткізеді. Бұл салықтың жаңа түрі емес. Бұл салықтар бұрын да төленіп тұратын. Тек өзін өзі жұмыспен қамтушы азаматтар енді ең аз мөлшерде төлеп тұратын болады. Төлей ме, төлемей ме — адамның өз еркі», — деді министр. Айта кету керек, Қазақстанда өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандардың жұмысын заңдастыру үшін арнайы салық режимі — бірыңғай жинақ төлемін енгізу қолға алынған. 2019 жылы бұл төлем көлемі 1 АЕК — 2525 теңге болмақ.

0 пікір
Мұрағат