Аяқ киім өкшесін қазақтар ойлап тапқан (видео)
Аяқ киім өкшесін қазақтар ойлап тапқан (видео)
2 жыл бұрын 1380

Осыдан бір ай бұрын ұсынылған “Ұлттық киім күні туралы” идеяны қолдаған алматылықтар “Қазақтыңұлттық киімі” күнін ауқымды түрде тойлап өтті. Бұл жайында nur.kz сайты almaty.tv ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Шара ұйымдастырушылары “Қазақтың ұлттық киімі күнін” күнтізбеге енгізіп, сәуір айының соңғы жұмасында атап өтуді ғаламтор арқылы ұсыныпты. Олардың бұл ойын қолдап, қошемет көрсеткендер санында шек болмаған. Той барысында көрермендер көне сақ, ғұн дәуіріндегі киім үлгілерімен танысты.

Той шеңберінде “Ел-шапан” акциясы болып өтті. Бір ай бойы еліміздің әр түкпірінен Қазақстан халқына бірлік пен татулық лебіздері жазылған мата кесінділері Алматы қаласына жіберілген болатын. Сол мата кесінділерінен жас дизайнерлер көпшілік алдында “ел-шапан” тікті.

“Қазір “пиджак” дейміз ғой, костюмді киіп жүрген. Оны Англияда емес, қазақтар ойлап тапқан кезінде. Шалбарды, аяқ киімнің өкшесін біз ойлап тапқанбыз. Соны көбісі білмейді. Ойымыз ұлттық өнерді көтеріп, дамыту”,- деді ұйымдастырушы, дизайнерлер одағының мүшесі Мүсілім Жұмағалиев.

Ұлттық киімдерді бренд қылу мақсатын ұстанған ұйымдастырушылар әртүрлі үлгідегі киім үлгілерін көпшілікке ұсынды.

“Менің үстімдегі костюм түркі халықтарының 5-ші ғасырда киген киімі. Бұл өгіздің терісінен жауынгерге арнап жасалынған…Сондай-ақ ол кезде ер адамдардың шашы ұзын болуы міндетті болған. Себебі ер адам өзінің ордасының алдында кінәлі болса, оның шашын ел алдына шығарып кескен”,- деді модель Азат Халимов.

Шараны ұйымдастырушылар осы күннен бастап жыл сайын қазақтың ұлттық киімі күні мен оны тігу шарасын дәстүрге айналдырмақ. Тігілген ел-шапан Есік мұражайына тапсырылды.

0 пікір