Атырау облысында ауыл әкімі жын-шайтанмен күрес жүргізуде
Атырау облысында ауыл әкімі жын-шайтанмен күрес жүргізуде
2 жыл бұрын 1305

Атырау облысындағы Дамба ауылында түсініксіз жайттар орын алып жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы он күнде екі әйел өзіне қол салып, қайтыс болса, тағы екеуі жынданып кеткен.

Бұл жайында "Ақ Жайық" басылымының сайтына сілтеме жасаған Baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. .

Ауыл азаматтары олардың ішіне жын кіріп кеткен деп есептейді. Салдарынан халық үрейленіп, қас қарайғанда далаға шықпауға тырысады екен. 

Дамба ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзулиннің айтуынша, жыл басынан бері мұнда 4 ересек азамат өзіне қол салған көрінеді. Ал, қазір екі әйел психикалық ауруға шалдыққан.

"Орын алған осынау келеңсіз жайтты болдырмау үшін біз ауылға орталық мешіттен имамдар шақырдық. Облыстың бас имамымен бірге бірнеше дін өкілі келді. Жағдайды түсіндіріп берді. Енді бүкіл ауыл болып садақа бермекпіз", - дейді әкім.

Облыстың бас имамы Бауыржан Мансұров та Дамба ауылында жын болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

"Дінде - Құран мен хадисте жынның бар екендігі айтылады. Егер періштелер адамға жақсылық алып келсе, жын-шайтандар оларға қарсы жұмыс істейді. Біз Дамба ауылында түсініксіз жайттардың орын алып жатқанын естіп, имамдармен бірге барып келдік. Жергілікті тұрғындарды жинап, жағдайды түсіндіріп айттық. Әдетте, жын-шайтан лас жерге келеді. Сондықтан, адамдардың барлығы үйі мен көшені, ауланы таза ұстауы тиіс", -  дейді бас имам.

0 пікір