Астанадағы келіссөздер бойынша сарапшылар: ілгеріліктер бар
Астанадағы келіссөздер бойынша сарапшылар: ілгеріліктер бар
7 жыл бұрын 3038 alashainasy.kz Sputnik

Сириялық реттеу жөніндегі келіссөздердің алғашқы күні оңай болған жоқ, бірақ, қақтығы тараптарының бір біріне бұрылып, келіссөздер бастай алатынын көрсетті.

Таяу Шығыс бойынша танымал ресейлік саясаттанушылар мен сарапшылар Астанада өтіп жатқан сирияаралық келіссөздер процесіне оң баға беріп, Дамаск пен оппозицияның бір келіссөздер үстеліне отырғанында ілгерілік көріп отыр. Дүйсенбі күні Астанада Сириядағы ахуалды реттеу бойынша келіссөздер басталды. Ресей, Түркия және Иран бастамасымен ұйымдастырылған келіссөзде Башар Асадтың үкіметі мен қаруланған оппозиция алғаш рет бір үстел басында кездесті.

Алға ілгерілеу бар

"Әрине, айтарлықтай жетістікке жеттік деп айтуға болмайды, бірақ, оппозиция мен үкіметтің бір үстел басында отыруы үлкен алға ілгерілеу болып саналады. Өйткені, олар бұған дейін бір-бірін мойындамаған еді. Ал егер нақты бір құжат жасалынып, онда белгілі бір тараулар қарастырылса, бұл құжат Сирия ішіне барады, сонда олар бір мәмлеге келуге болатынын түсінеді", — деп ойымен бөлісті шығыстанушы Юрий Зинин.

Тең күштер

"Астанаға келген күштер бір-бірімен тең деуге болады. Бұлар негізгі қарама-қайшылықты тараптар — Дамаск пен қаруланған оппозиция – оларды бейбіт үдерістің демеушілері Ресей, Түркия және Иран саяси тұрғыда қадағалап отыр. Бұл да өте маңызды, қақтығысқа тікелей қатысушылардың ойланбаған қадам жасауының алдын алып, бұл келіссөздерде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді", — дейді тағы бір сарапшымыз Дмитрий Егорченков.

Неге АҚШ-тың атынан елші қатысады?

"Бұл шын мәнісінде тактикалық шешім. Трамптың администрациясы қысқа уақыт ішінде бір келісімге келіп, Астанаға делегация жіберуге қабілетсіз болды. Елші сол жақта болғасын, бұл келіссөздердің қалай басталатынын бағамдауы тиіс. Келіссөздерді техникалық деп айтуға болады, баcқа тараптардың бәрін сарапшылар бастап келіп отыр. Саяси деңгейдің аса қажеті де жоқ", — деп санайды Егорченков.

Келіссөздер оңай емес

Таяу Шығыс пен Кавказ елдері мәселелері бойынша сарапшы Станислав Тарасовтың пікірінше, бұл келіссөздер оңай жүріп жатқан жоқ. "Ресей СІМ айқындағандай, Астана – Женева үдерісінің құрамдас бөлігі, ол жерде күн тәртібінде өтпелі үкімет құру мәселесі тұр. Сол себепті, бір сұрақ туындайды: соғыс алаңындағы командирлер өз уәкілеттіктерінің біраз бөлігін Женева үдерісіне қатысушы саясаткерлерге беруге дайын ба? Ахуалдың күрделілігі сонша, ұзақ уақыт келіссөздер жүргізілуі тиіс", — дейді Тарасов. Сарапшылардың пайымдауынша, Астаналық келіссөздердің тиімділігін алдағы екі-үш күн көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат