Әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты болады
Әрбір азаматтың электрондық денсаулық төлқұжаты болады
7 жыл бұрын 4988 primeminister.kz

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылғаннан күннен бастап барлық медициналық жазбалар электрондық төлқұжатта сақталатын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министр Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған денсаулық сақтау саласын қажетті ақпараттандырумен қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын іске асыру мақсатында, ведомство жаңа ақпараттық технологияларға ауысу бойынша бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруда.

Сонымен қатар, әр азаматтың жеке электронды денсаулық төлқұжаты және әрбір медицина қызметкерінің жеке кабинеті болатын бірыңғай интеграциялық платформа құру жұмыстары жүргізілуде. Платформа барлық мемлекеттік және дербес емханаларға өздерінің ұжымдық ақпараттық жүйелерін ықпалдастырып, «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, емделушілер өздерінің хал-жағдайлары туралы мәліметтерді жинауға белсенді араласып, медицина ұйымдарына бармай-ақ, өз денсаулығының диагностикасын жүргізе алатын болады. Ал медицина қызметкері өздері емдейтін емделушілер туралы ақпараттардың барлығын электронды түрде алатын болады және консультацияны қашықтан жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл, Е. Біртановтың айтуынша, пациенттер мен медицина қызметкері арасындағы қарым-қатынасты өзгертуге жол ашады.

Сондай-ақ, кезең-кезеңімен пациенттердің медицина қызметкеріне қабылдануының дербес онлайн-тіркеуі, шынайы уақыт режимінде кеңес алу және пациенттерді ІТ-технологияларды пайдалану арқылы бақылау жүйесі енгізілетін болады. Емханаларға жазылудың интернет және мобильді қосымшалары әзірленеді деп жоспарланған.

0 пікір
Мұрағат