Ақпарат айдынында: «Islam.kz»
Ақпарат айдынында: «Islam.kz»
3 жыл бұрын 3055 islam.kz

Бүгін сағат 15:00-де Астана қаласында орналасқан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлттық-рухани ағартушылық бағытта жұмыс жасайтын «islam.kz» сайтының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

Аталмыш шара туралы беташар сөзді бастаған портал редакторы Қайрат Жолдыбайұлы, қазіргі таңда ислам діні мен ұлттық мүддені қиюластырып насихат айтудың қажеттілігі жайлы түсіндіре келіп, Хакім Абайдың «Қазіргі таңда қазақтың малына емес, миына талас жүріп жатыр» дейтін дана ойымен пікірін  ұштастара отырып порталдың құрылымы және шығармашылық бағытын таныстырды.

Рәсім қонағы ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Әзілханов мырза, бүгінде еліміздің ақпарат айдынында 20-ға тарта діни сайт жұмыс жасап жатқанын, енді бұл қатарға жаңадан тағы бір портал қосылғанын, болашақта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан, «дін мен дәстүр сабақтастығын» басшылыққа алу қажеттілігін жеткізді.

Сондай-ақ, жаңа порталдың болашағына зор үмітпен қарап, оны білімді де, білікті азамат Қайрат Жолдыбайұлының басқарып отырғанын мақтанышпен жеткізген ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы оқиғаны «ақ түйенің қарны жарылған күн» деп түйіндеді.

Жиын барысында белгілі ғалым, профессор Әділ Ахметов бастаған жанашыр ағалар сөз алып, сайттың қадамына шығармашылық табыс тілеп, құттықтауларын жеткізді. 

11 пікір
  • Алла тағала сайт ұжымының алдағы жұмыстарына шығармашылық шабыт пен береке берсін! !!!
    3 жыл бұрын
  • Коллектив сайта Azan.kz желает новому проекту творческих успехов и реализации всех поставленных задач! Аллаху Акбар!
    3 жыл бұрын
  • Сайттарыңыз құтты болсын қаламдарыңыз мұқалмай халқымызға рухани нәрменен сусындатып дініміз ислам жолында қажымай талмай қызмет жасауларыңызға тілектеспіз. Ізгі тілекпен Семей орталық мешіті
    3 жыл бұрын
  • Шын журектен куттыктаймын!!!!
    3 жыл бұрын
  • Ассалаумағалайкум Қайреке! Бастаған істеріңіз баянды болсын! Аллах тағала алдарыңыздан жарылқасын.
    3 жыл бұрын
  • МашАллаһ
    3 жыл бұрын
  • Уағалейкумуссалам бауырларым! Ниет, қолдауларыңызға көп рахмет. Баршамызға Алла жар болғай!
    3 жыл бұрын
  • Кайреке іс ілгері болғой, дініміз бен ділімізді тең насихаттайтын жақсы сайт болғаны қуантады. Бұндай сайт әзерге жоқ сияқты
    3 жыл бұрын
  • Сайттың тұсаукесері құтты болсын! Ақиқат дінімізді насихаттау жолыңда қанаттарыңыз талмасын! Тәй-тәй басқан сайттың болашағы өте зор екеніне сеніміміз мол!
    3 жыл бұрын
  • Алла разы болсын!
    3 жыл бұрын
  • Машаллах. Куаныштымын.
    3 жыл бұрын