Алматыда мәйітхана сатылып жатыр (фото)
Алматыда мәйітхана сатылып жатыр (фото)
7 жыл бұрын 3021 tengrinews.kz

Krisha.kz порталында ерекше хабарландыру пайда болды. Хабарландыру авторының айтуынша, Қазақстандағы жалғыз жекеменшік мәйітхана сатылымға шығарылып отыр. Мәйітхана көппрофильді аурухана мен Республикалық қан құю орталығының аумағында Жароков пен Өтепов көшелерінің қиылысында орналасқан. Сондай-ақ, хабарламада мәйітхананың патологиялық-анатомиялық зерттеулер жүргізетін лицензиясы бар екені айтылады. Ғимарат екі қабатты, 300 шаршы метрді құрайды. Сатушы мәйітхананың бағасын 110 миллион деп көрсеткен. "Біз ғимаратты күрделі жөндеуден өткіздік", - деп жазған хабарлама авторы. 

 

0 пікір
Мұрағат