Алматыда жат ағымдағылардың жиналатын орындары аталды (видео)
Алматыда жат ағымдағылардың жиналатын орындары аталды (видео)
7 жыл бұрын 5826 SZH.KZ ihsan.kz qamshy.kz

Алматыда дәстүрлі емес діни ағым өкілдері жиналатын орындарға бақылау жүргізіліп жатыр.

Алматының дін істері басқармасының жетекшісі Айдар Есенбековтің айтуынша, қалада радикал болуы мүмкін тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар адамды радикалдарға сырт келбетімен ұқсас келетін адамдарды ұстауы мүмкін.

«Қала үлкен. Осы идеяларды ұстанатындар бар. Олар біздің арамызда өмір сүріп жүр, оқиды, жұмыс істейді, мешітке барады, заңға қайшы келмеуі мүмкін. Тек заң бұзылса ғана жауапқа тартылады. Бірақ, тек сырт келбетіне қарап ұстауға болмайды. Адам қателеседі. Біреулер бұрыс бағыт берген болуы мүмкін. Олармен әңгімелессе, дұрыс жолға оралып та жатады», — дейді Есенбеков.

Оның сөзінше, қалада радикалды идеялар насихатталып, адамдарды өз жағына тартуы мүмкін орындарға бақылау жүргізіледі.

«Олар жиналатын бірнеше мешіт бар. (…) Саудагерлері дәстүрлі емес ағымда жүргенін байқататын бірнеше сауда үйі мен базарлар бар. CarCity автобөлшекетер базары бар, аэровокзал бар, телефон сатады ол жерде, назарымызға түскен тағы бір орын Көк базардағы сауда нүктесі. Барахолкадағы кей базарлар, діни оқулықтар сатылатын орындар», — дейді ведомство басшысы.

Дін істері басқармасының жетекшісі дінге бет бұрғысы келген, бірақ, радикалды ағымдар жетегінде кетіп қалғысы келмейтін тұрғындарға өз ұсыныстарын айтты.

«Мен бірден айтайын Намазға жығылғысы немесе Исламға бет бұрғысы келген адам мешітте қызмет атқаратын  ресми имамға баруы керек. Көшеде біреулермен бұл мәселе бойынша тілдесудің керегі жоқ. Егер бәз біреулер дәріс тыңдауға шақырса, фильм көргуе шақырса, бірден қауіптену қажет. Онымен бармасын, мешітке барсын», — деп өз кеңесін берді Есенбеков.

Алматыда сауда орталықтарын салафиттер «иемденіп» жатыр (видео)

 

Алматыда адамдар көп жүретін жерлерде орналасқан сауда орталықтарын салафиттер «иемденіп»» жатыр. Бұл туралы «31 арна» дабыл қақты. Қала тұрғындары дінге жауапты басқармада да салафиттер жасырынған және топ болып сауда жасайтын қанша орталықтың барын ашық түрде айтып берген. Басқарманың мәліметінше, түр-тұлғасы күдік туғызатын діншілдердің негізгі орыны "Кар сити", "Көкбазар" және орталық мешіттің маңы екен. Сондай-ақ, оларды ұялы телефондарды сатумен немесе жөндеумен айналысатын дүңгіршектерден көп кездестіруге болады. Бұл Алматыдағы Көкбазар мен орталық мешіт маңы. Былайғы өмірде сіз оларды байқай бермеуіңіз мүмкін. Анықтап қарасаңыз, расымен бетін тұмшалаған қыздар мен қысқа балақты, қауқа сақалды жігіттер өріп жүр. Қала тұрғындарының бірі Ғанибек Серіков: «Бәрімізде имамға ниет етеміз ғой намаз оқығанда. Олар ерекше. бата қайтармай тұрып кетіп қалады. Отырайды. Тұрып тұрады. Топ боп жүреді өздері. Оларды тоқтатып жатқан ешкім жоқ» деп кейиді. Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Есенбеков тұрғындар сөзінің жаны бар екенін айтып: «Белгілі бір шоғарланған орталықтар бар екені ол жасырын емес. Бірақ, оны біз сырттай ғана анықтай аламыз енді. Яғни, сыртқы бейнесіне қарап», деді. Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма да салафизм ағымының өкілдерінің ең көп шоғырланған орталығына осы Көк базар, кар сити сауда орны және орталық мешіт маңын жатқызып отыр. Алайда басқарма басшысы, олардың артында кімдер тұр деген сұраққа жауап бергісі келмейді. Ең қызығы, жай ғана сәйкестік болуы мүмкін, бірақ базар маңын жағалаған сақалдылардың дені ұялы телефон сатумен немесе жөндеумен айналысады екен. Естеріңізде болса, Алматыда полиция бөліміне шабуыл жасап, 5 адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаев та бұрын ұялы телефон сатумен айналысқан.

 

0 пікір
Мұрағат