Алматы облысының шенеунігі өз көлігінде мүгедектерді тасымалдауда (фото)
Алматы облысының шенеунігі өз көлігінде мүгедектерді тасымалдауда (фото)
7 жыл бұрын 2635 qamshy.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар талдықорғандық белсенділердің жобасы «Асар» авто-еркітілер қозғалысына үн қосты. Авто-еркітілер қозғалысы Елдос Баялышбаевтың бастамасымен ақпан айының басында құрылған. Жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріс-тұрысын жеңілдетіп, қажетті жеріне жеткізуді көздейді. Бүгінде жиырмаға жуық еріктілердің басын қосқан бастамаға Жақсылық Омарда өз үлесін қосып, алғашқы жолаушысын сұраған жеріне жеткізіп берді.

Шынымды айтсам, менің сұранысыма облыс әкімінің орынбасары келеді деп, он ұйықтасам да, түсіме кірмейтін. Диспетчерге қоңырау шалып, өтінімді қалдырғаннан кейін араға жарты сағат салып, көлік есік алдына келгендігі жайлы хабар келді. Аяндап шыққанымда облыс әкімі табалдырықтан тосып алды, - дейді І топтағы мүгедек Мирас Мүрсәлі. – Жол бойы қалдағы әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімділігі жайлы сөз өрбітіп жол қысқарттық, - деген жолаушы жоба авторларына өз алғысын жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар осы арқылы шаһар белсенділерінің бастамасына үн қосушылар қатарын көбейтуді көздейтіндігін айтты.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күнделікті көлік қызметін ұсыну үшін уақыт тапшы. Дегенімен, айына бір рет арнайы уақыт бөлуді көздеймін. Игі іске қаламыздың өзге де азаматтары үн қосып, мүгедектерге қолұшын созады деп сенемін», - деген Жақсылық Омар жолаушысын қалаған жеріне жеткізіп салды.

«Асар» авто-еркітілер қозғалысы бүгінде жиырмаға жуық жүргізушілердің басын біріктірді. Бүгінгі таңда тағы оншақты еріктілердің сұранысы қарастырылуда. Жоба авторларының сөзінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет атқаратын көлікке белгілі талап қойылады. Бастысы, темір тұлпардың сыйымдылығы, жүргізушінің өтілі жіті назарға алынады.

0 пікір
Мұрағат