Алматы облысында қамыстан қағаз шығаратын зауыт салынады
Алматы облысында қамыстан қағаз шығаратын зауыт салынады
2 жыл бұрын 920

Алматы облысында қамыстан қағаз бен вискозаны өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне «Ерке-Нұр» өндірістік компаниясының басшысы Фарида Мерхаметқызы хабарлады.  

Оның айтуынша, жобаға инвесторлар қызығушылық танытып отыр.

«Қытай ғалымдары ойлап тапқан аталған технологияның арқасында елімізде табиғи шикізаттан қағаз бен вискоза өндірілетін болады. Бұл ең заманауи құралдармен жабдықталған экологиялық таза өндіріс болмақ. Жоба мемлекеттің жасыл экономика саясатына да толық жауап береді. Оның әлеуметтік маңызы аз емес, себебі жаңа жұмыс орындары құрылады», - деді Ф.Мерхаметқызы.

Ол Еуропалық одақта қағаздың 50 пайыздан астамы макулатураны қайта өңдеу жолымен шығарылатыны, ал Қазақстанда мұндай жолмен өндірілетін қағаздың үлесі шамамен 5 пайызды құрайтынын атап өтті.

«Зауыт Алматы облысындағы Қызылағаш ауылының жанында орналасады. Бұл ауданда қамыс қопасының аумағы 30 мың гектарды құрайды, ал қамысты орып алғаннан кейін тез өсетіні белгілі», - деді ол.  

0 пікір
Мұрағат