Әлемнің танымал футболшылары Алматыда жүр
Әлемнің танымал футболшылары Алматыда жүр
10 жыл бұрын 3189 tn.kz

"Кәсіпқойлар матчына" қатысу үшін әлемнің танымал футболшылары Алматыға ұшып келді. Атап айтар болсақ: Кристиан Вьери, Луиш Фигу, Фабио Каннаваро, Паоло Мальдини, Алессандро Неста, Андрей Шевченко, Йенс Леманн, Хавьер Санетти, Кларенс Зедорф, Эдгар Дэвидс, Сержинио, Франческо Тольдо, Дуайт Йорк, Кристиан Пануччи және т.б.

Бұл кәсіпқой ойыншылар елімізге танымал "Қайрат" футбол клубына қарсы ойнайды. Аталған бұл кездесу "Кәсіпқойлар матчы" деп аталатынын тағы да естеріңізге саламыз. Кездесу 26 қыркүйек күні, Алматы қаласының орталық стадионында өтеді. 

0 пікір
Мұрағат