«Адвокаттардың халықаралық одағы» суррогат ана жайында не дейді?
«Адвокаттардың халықаралық одағы» суррогат ана жайында не дейді?
2 жыл бұрын 1119

«Адвокаттардың халықаралық одағының» мүшесі Гүлнар Айтжанова BNews.kz ақпарат көзінің тілшісіне берген сұхбатында бала мен суррогат ананың арасындағы міндеттер мен құқықтар жөнінде түсінік берді.  Сондай-ақ, ол «жалға берілетін ана» мен туған ата-ананың арасындағы қатынасты реттейтін келісімшартты бекіту барысында қандай мәселелердің пайда болатынын айтып берді. «Біздің заңнама биологиялық ата-ананың пайдасына басымдық береді. «Неке, жұбайлық өмір және отбасы» туралы кодекс бойынша суррогат ана босанғаннан кейін шарананы ата-анасына табыс етуі тиіс. Шарананың биологиялық ата-анасының атына жазылатынын да тілге тиек етті. Қазақстанда суррогат ана шарананың биологиялық ата-анасынан келісімшартта қарастырылған талаптардың орындалуын талап ете алатынын, алайда, балаға қатысты қандай да бір талап қоя алмайтынын айта кетті сөз арасында.

0 пікір