Адамдар көбіне жазда жоғалады - Статистика
Адамдар көбіне жазда жоғалады - Статистика
5 жыл бұрын 2480 tengrinews.kz

"Үйден шығып қайта оралмады", - бұл адам із-түссіз жоғалып кеткен жағдайда әлеуметтік желіде жарияланған жазбадағы жазылатын бірінші сөз. Жоғалып кеткендер арасында тек үйінен қашып кететітін жастар ғана емес ересектер де із-түссіз жоғалып жатады. Адамдар неге жоғалады және мұндай жағдайда не істеу керектігі туралы "Алау" басылымы хабарлайды.

Адам жоғалды деген күдік пайда болған уақытта, дереу әрекетке көшу керек. 

"Адамдар неліктен екені белгісіз, бірақ, дер кезінде полицияға баруға асықпайды. Ертерек қимылдасаңыз, табу мүмкіндігі де жоғары болады", - дейді "Регион 10" еріктілер тобының мүшесі Ирина Карпенко. 

Олардың айтуынша, адамдардың жоғалып кетуіне көптеген себептер бар екен. Біреулер ұрысып қалып, кетіп қалады. Тағы біреулері басы ауған жаққа кетеді. Ақша табу жолында жоғалып кететіндер де баршылық.

Волонтерлердің айтуынша, адамдар жаз мезгілінде жиі жоғалады екен. 

"Жазғы демалыста оқушылары ата-анасының қарауынсыз қалады. Бұл, әрине, ауыр естілгенімен, волонтерлер үшін жоғалған адамдарды іздеу науқаны басталады. Құдайға шүкір, әзірге бала жоғалды деген деректер болған емес", - дейді Ирина Карпенко. 

"Із-түссіз жоғалып кететіндер маусымы бар. Көктемде-күзде психикалық ауруға шалдыққандар жиі жоғалады. Жаз мезгілінде балалар жиі жоғалады, өзенге шомылып, серуендейді, қаңғыбастыққа салынады. Егер ересектер жоғалып кетсе, ешкімге айтпастан, ақша табуға кетіп жатады", - дейді Қостанай облысы КҚПБ аға жедел уәкілі Мұхтар Махметов.

Іздеу жарияланған адамдардың барлығының бағыттамалары ішкі істер министрлігінің сайтында жарияланады. 

zakon.kz ақпарат көзінің келтірген дерегі бойынша жыл сайын елімізде 15 мыңға тарта адам хабар-ошарсыз жоғалады. 

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат