Адам сүйегі ашылып қалған
Адам сүйегі ашылып қалған
9 жыл бұрын 4051

Павлодар облысындағы Аққу ауылының тұрғындары Ертіс өзені жағалауының опырылып қалуына байланысты осы елді-мекеннің іргесіндегі көне мазардың ашылып қалғанына алаңдаушылық білдіріп отыр. «Бұл жайында «Жетінші арна» хабар таратты. Тұрғындардың кейбіреуі сүйектерді жинап, ауыл мазарына жерлеп жатыр. Елуге жуық адам сүйегі табылған. Археологтардың айтуынша, өткен ғасырдың бас кезінде мұнда казактардың станцасы болған. Ауыл әкімдігінің қызметкерлері бұл мәселені бақылап отырғанын, сәуір айында қайта жерлеумен айналысатын арнайы комиссия құрылатынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат