Адам етін жегіш бостандыққа шығады ма?
Адам етін жегіш бостандыққа шығады ма?
10 жыл бұрын 8745

Жуырда ғаламторда кісі етіне «жерік» Николай Жұмағалиев психиатриалық емханадан бостандыққа жіберілетіні турасында үрейлі хабар шарлап кеткен болатын. Осы хабарға байланысты елден маза қашты. Каннибал емделіп жатқан Алматы облысына қарасты Ақтас елді-мекеніндегі республикалық психиатриалық емхананың бас дәрігері Адихан Айдос бұл ақпаратты растамады.  Бұл жайында «Время» газеті хабар таратқан еді. Николай Жұмағалиев психиатриалық емханада бір емес, бірнеше рет жатып емделсе де, бостандыққа шығысымен баяғы «әуеніне» басатын еді. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында каннибалдың 24 жылдан кейін белгілі болған тағы бір қылмысы турасындағы хабар да отқа май құя түскендей болды. Сонымен бас дәрігер не дейді? Оның айтуынша, Николай Жұмағалиев томаға тұйық өмір сүріп жатыр. Николай Жұмағалиев күніне төрт рет тамақтанады. Денсаулығы да жақсы. Ол жеміс-жидек пен көкөністі жақсы көреді. Бос уақытында магнитофон жөндеумен шұғылданады. Сондай-ақ, оның сағатты да жөндей алатынын тілге тиек етті. Оның бар арманы – бостандыққа шығу. Десе де, оны бостандыққа шығару қоғамға қауіп төндіреді.

1 пікір
  • Ассаламу алекум,осындайларға өлім жазасы тағайындайтын қайран шариғат заңдары-ай
    10 жыл бұрын
Мұрағат