Абайлаңыздар, алаяқтықтың жаңа түрі
Абайлаңыздар, алаяқтықтың жаңа түрі
9 жыл бұрын 3207

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: әлдебір топ тұрмысы нашар, жағдайы жоқ мұсылмандарға қажылық парызын тегін өтеуіне көмектесетіндерін ұсынған.

Бұл үшін қасиетті сапарға тегін барғысы келетіндер Сауд Арабиясындағы «Мұхаммед Ұлттық топ» деп аталатын әлдебір топтың әлеуметтік желілерде жарияланған телефон нөміріне қоңырау шалуы тиіс. Олардың хабарландыруларына қарағанда қаржысы жоқ болса да қасиетті сапарға аттанғысы келетіндерге тегін көмек көрсетуге даяр екендерін мәлімдеген. Тек бір шарты бар: қажылық парызын өтегісі келетін адамның жасы алпыстан асуы керек. Олардың ниеті қаншалықты рас екендігін тексеріп көру мақсатында «Радиоточки» тілшісі аталған телефон нөміріне қоңырау шалған екен. Алайда, жұмыс уақыты кезінде тұтқаны ешкім көтермеген. Күмәнді көрінген топтың не көздегені белгісіз. «Аңқау елге – арамза молданың» керін келтіру ме – бұл,  өйткені, қажылық парызын тек жағдайы келгендер ғана өтейтіні  турасындағы үкімді былай сырып қойып қойғандарына қарағанда олардың мақсаты басқа болғаны ма? Осыған байланысты Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасындағылар мұндай демеушілер туралы алғаш рет естіп отырғандарын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш басқарма қызметкерлерінің айтуынша, еліміздің азаматтары тек квота бойынша қажылыққа бара алады және оның өзі келіссөз аарқылы шешіледі екен. «Адамдар түрлі ғой, өкініштісі, олар дінді өз мақсаттарына пайдаланғысы келеді.  Біріншіден, қажылық уақыты туралы айтуға әлі ерте, екіншіден, квота мөлшері әлі белгілі болған жоқ»,- деп, алаяқтықтың кез келген түрінен абай болуға кеңес берді.

0 пікір
Мұрағат