2019 жылдан бастап жалақысы аз жұмысшыларға салынатын салық көлемі азаяды
2019 жылдан бастап жалақысы аз жұмысшыларға салынатын салық көлемі азаяды
6 жыл бұрын 4678 Назерке Абибулла

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халыққа есеп беру кездесуінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК-ке дейінгі еңбекақысы бар жұмысшыларға салынатын салық жүктемесі 10 есеге азаятынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

Министр Қазақстан Президентінің жалақысы аз жұмысшылардың еңбекақысын көтеру мақсатында салықтық жүктемелерді төмендету бастамасы бойынша іс-шаралар атқарылатынын атап өтті.

«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 АЕК-ке дейін еңбекақы алатын жұмысшылардың табыстарына салынатын салық көлемін азайту көзделіп отыр, осылайша салықтық жүктемелер 10 есе қысқарады. Соған сәйкес заңнамалық түзетулер дайындалды» - деді Сүлейменов.

Ол өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды салықтық ынталандырулар бойынша оларға тиімді механизмдерін әзірлеу міндеті болып отырғанын айта кетті. Сәйкес түзетулер еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе дайындалды.

0 пікір
Мұрағат