2014-2015 оқу жылының білім гранты иегерлері анықталды
2014-2015 оқу жылының білім гранты иегерлері анықталды
10 жыл бұрын 12482 egemen.kz

Білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның жұмысы аяқталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.

Жалпы, 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант, оның ішінде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлімдеріне, 31 635 грант 1 курсқа түсетіндер үшін (күндізгі бөлімге 31 135, сыртқы бөлімге 500 грант) белгіленді. Техникалық ғылымдар мен технологияларға 12 600 мың, педагогикалық мамандықтарға 5 864, ауыл шаруашылығы мен ветеринарлық ғылымдарға 2 670 грант бөлінді.

Колледжді бітіргендерді қолдау мақсатында қысқартылған оқу түріне 2 875 грант қарастырылды.

Білім грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысты. Конкурсқа қатысушылардың арасында 1 732 «Алтын белгі» иегерлері, 322 Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, 179 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, 921 жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары қатысты.

Талапкерлер мына сілтеме (http://egemen.kz/?p=33876) ішіндегі үш сілтеменің біріне кіріп, жүктеп алып, өздерінің аты-жөнін қарауына болады.

0 пікір
Мұрағат