10 мыңнан аса қазақстандық баламалы қызмет түрін пайдаланады
10 мыңнан аса қазақстандық баламалы қызмет түрін пайдаланады
9 жыл бұрын 3553

Baq.kz ақпарат көзінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда әскер қатарына шақырылатын жастағы 10 мыңнан аса қазақстандық 2013-2014 жылдар аралығында әскери резерв даярлау бағдарламасы бойынша ақылы негізде әскери білім алған.

Қандай да бір себептермен бұрын әскери қызмет өткермеген 22-ден 27 жасқа дейінгі азаматтар үшін бұл мерзімді қызметтің жақсы баламасы бола алады. Өйткені Қазақстанның 15 қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-оқытылған резерв даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өту мерзімді қызмет өткерумен теңестіріледі. Оқуға қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық тексеруден өтіп, жергілікті әскери басқару органдарынан (бұрынғы әскери комиссариаттар) жолдама алады және 1,5 ай бойы әскери мамандықты меңгереді. Оқу кезеңде білім алушының жұмыстан немесе оқу орнынан шығарылуына жол берілмейді. Олар оқу демалысына жіберіледі. Әскери мамандардың дайындық сапасын тексеру үшін бітіру емтихандары тапсырылады. Емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін тәрбиеленушілерге әскери билетті алуға негіз болатын алған мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, сертификаттар беріледі. Жергілікті әскери басқару органдары өз кезегінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы дайындықтан өтті деген белгі қойылған әскери билетті береді және әрқайсысын қатардағы жауынгер атағымен әскери міндеттілер есебіне тіркейді. Ақылы оқу Қазақстанда 2013 жылы наурыз айында «Әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер негізінде жүзеге асуда. Айта кетейік, осындай қызмет түрі Орталық Азия аймағындағы елдер арасында Қырғызстан мен Өзбекстанда да қолданылып жүр.

0 пікір
Мұрағат